$ 444.32  473.33  4.76

Конституцияда «Тұңғыш Президентке» емес, барлық экс-президентке ортақ «привилегиялар» болады – Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конституциядағы өзгерістер туралы айтты.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Конституциядағы өзгерістер туралы айтты. Соның ішінде бұрынғы президенттер жайы, "Тұңғыш Президент" мәселесі қалай болатынына тоқталды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Енді референдумнан кейін заң қабылданып жатса, ешкімге ерекше артықшылық берілмейді. "Тұңғыш Президентке" қатысты деген нормалар алынып тасталады. Барлық экс-президентке берілетін мүмкіндіктер қалады. Мысалы, әлеуметтік қорғалуы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормалары болады. Қайталап айтайын, бұл барлық экс-президенттерге бірдей болады. Болашақта Қазақстанда талай президент болатын шығар енді", - деді Әшімбаев.  

Сонымен қатар, Әшімбаевтың сөзіне сүйенсек, экс-президенттерге арналған норманың ішінде онымен бірге тұратын туыстарына артықшылықтар берілетіні жазылған екен. Оның айтуына қарағанда, барлық экс-президентке берілгелі отырған мүмкіндікті жеке бұрынғы президент Назарбаевқа берілетін "артықшылық" деп түсінбеу керек.
 

 Айта кетейік, қолданыстағы заң бойынша "Тұңғыш Президент" статусына қатысты мәселелер референдумға шығарылмайды. Алайда, Тоқаевтың айтуымен, енді оны халық талқысына шығару керек болып отыр. Сондықтан "қатып қалған" норма өзгертілетін болады. Сенат өзгерісті қолдады, ендігі кезек – мәжілісте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары