11.12.2016, 04:35

Түркияда ірі теракт орын алып, 29 адам қаза тапты (ВИДЕО)

Түркияда футбол матчынан кейін ірі жарылыс орын алып, 29 адам қаза тапты де хабарлайды regnum.ru. Ел президенті Реджеп Тайып Ердоғанның айтуынша, лаңкестер мүмкіндігінше көп адамның өмірін қиюды өздеріне мақсат еткен.

Оқиға Стамбұлда "Бешикташ" пен "Бурсаспор" футбол командалары арасындағы ойыннан кейін орын алған. Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылғыш затты жанкешті іске қосқан. Оның көздегені полицейлер мінген автобус болыпты. Қаза тапқандардың 27-сі құқық қорғаушылар. Ал, зардап шеккендер саны 70 адамнан асып кетті.

Жарылыс Астана уақытымен түнгі сағат 01:30 шамасында орын алған.