Грин парк тұрғын үй кешенінің тұрғындары үйлеріне етене жақын орналасқан құрылыс компаниясының салып жатқан жұмыстарына наразы. Олардың айтуынша, тұрғындардың жол өткелін бөгеп тастаған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оның үстіне, ол жерде заңсыз қоршау салған екен. Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде бұл жерде асфальтта жарық пайда болған. Ал үйлерінде пәтерлерінде қабырғаларында жарық пайда болғанын айтады. Тұрғындар «Қабырғадағы жарықшақ ертең үлкейе түсе ме», - деп қауіптенеді. Құрылыс қызған сайын үрей де күшейді. Тіпті үй тұрмақ іргедегі асфальт жолда қақ айырылған.
Альмира Марденова, тұрғын: – Тиесілі аумақты өзімізге қайтару үшін екі жарым ай бойы күресіп келеміз. 16 наурызда бас мердігері «Мейрин» компаниясы болып табылатын «А груп девелопмент» құрылыс компаниясы үйіміздің аумағын басып алды. Он рет полиция шақырдық. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жүгіндік, олар заң бұзушылықты жою туралы нұсқама да берді. Бірақ, бәрібір нәтиже жоқ, бұл құрылыс компаниясына ешкімнің тісі батпайды. Үйіміз Бесоба секілді құлауы мүмкін.
Салтанат Назарбек, тұрғын: – Қыстың күні мына жерде жолымызды алып тастады. Үлкен нелерімен келіп, котлован қазып тастап, жолымызды алды. Ол кезде тоже шыққанбыз. Боранда айғай-шумен ГАСК-ға да шағым жаздық. Бүкіл жерге жіберіп жатырмыз. Бірақ ешкім біздің шағымымызды қабылдап жатқан жоқ. Енді баратын жеріміз қалмады, жоғарыға барғанда қай жерге барамыз, президенттен басқа еш жерге бара алмаймыз енді. Екі жарым ай бұрын туындаған мәселе бүгінде ашық жанжалға айналған. Құрылыс компаниясының өкілдері басында үзілді-кесілді қарсылық танытқанымен, сәлден соң, сұхбатқа келісті. Олардың да өз уәжі бар.