Түркістан облысының өрт сөндірушілері жанар-жағармай сақтауға арналған жертөледегі екі азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
7 мамырда «112» қызметіне шұғыл хабар түскен.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сарапхана ауыл округінде Алматы-Термез автожолының 757-шақырымында «Жанойл» жанармай құю стансасында екі адам зардап шеккен. Стансаның жанар-жағармай материалдары цистернасын сақтауға арналған жертөлесінде 1959 және 1987 жылы туған екі жұмысшы тазарту жұмысын жүргізіп жатқанда мұнай өнімінің буынан уланғаны анықталды.
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен 9 қызметкер 3 техника полиция департаментінен 5 қызметкер бір техника жетті. Олар зардап шеккен екі азамтты құтқарып жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда уланған екі азамат дәрігерлердің бақылауында.