$ 494.87  520.65  4.91

Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны белгілі болды

Негізі отандасымыз келесі кездесуін Сауль Канело Альвареске  (57-2-2, 39 КО) қарсы өткізуі керек болатын.

Мексикалық боксшы Хайме Мунгия (39-0, 31 КО) орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) үшін ең көп табыс түсіретін боксшы болады. Мұндай пікірді J Calderon Boxing Talk YouTube арнасының авторы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Маманның пікірінше, Мунгия Головкиннің келесі қарсыласы болуы мүмкін деген боксшылардың арасында көш бастап тұр. Негізі отандасымыз келесі кездесуін Сауль Канело Альвареске  (57-2-2, 39 КО) қарсы өткізуі керек болатын. Бірақ мексикалық соңғы кездесуінде Дмитрий Биволдан (20-0, 11 КО) ұтылып, жоспардың астаң-кестеңін шығарды. Енді Канело қыркүйек айында ресейлік боксшыға қарсы екінші кездесу өткізуге ниетті. 

"Енді қыркүйек айында Канеломен ұйымдастыру мүмкін емес. Сондықтан дәл қазір Головкинге тек Мунгия ғана көп ақша алып келе алады. Қарап тұрыңыздар, Головкиннің келесі қарсыласы Мунгия болады. Бұл кездесe орта салмақта өтіп, WBA және IBF белбеулері сарапқа салынады", - деді J Calderon Boxing Talk арнасының авторы. 

Айта кетейік, Головкин мен Мунгия арасындағы кездесу 2018 жылы өтеді деген әңгіме болған еді. Алайда ол кезде Неваданың Атлетикалық комиссиясы мексикалық боксшыны Головкин үшін тәжірибесіз деп, жекпе-жекке рұқсат бермей қойды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары