Алматыда өткен «Батырларға тағзым» шеруіне қатысушы кейбір азаматтар Сталин мен Берияның портреттерін ұстап шыққан. Бұдан өзге совет өкіметінің туын көтеріп шыққандар да бар.
Алматыда 9 мамырда «Батырларға тағзым» шеруі өтіп оған мыңдаған адам қатысқан. 28 панфиловшылар саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, адамдар соғыс жылдарындағы әндерді шырқаған.
Сондай-ақ концерт қойылып, ардагерлерге түскі ас ұйымдастырылған.
arasha.kz