Қостанайда Тобыл өзенінің жағалауындағы қамыс өртеніп, екпінді желден өрт өршіп, жақын маңдағы үйлер отқа оранған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өрт 9 мамыр күні сағат 17-25 шамасында басталған.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, 11 тұрғын үй мен 4 автомобиль жанып кеткен. 25 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт 1000 шаршы метр аумақты қамтыған. Өрт 20:15-те ауыздықталып, 21:24-те толығымен сөндірілді. Тілмсіз жаудың шығу себебі және залалы анықталуда.