Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының ең шалғай ауылдарының бірі Қызан мен Ақшымырауды орталықпен жалғайтын жолдың 25 шақырымы қатты жаңбырдан жүруге жарамсыз боп қалған, деп хабарлайды Маңғыстау телеарнасы.
«Жалпы, Шетпе-Қызан автокөлік жолын асфальттау жұмысы басталғанына 10 жылға таяп қалды. Әлі бітетін емес. Биыл тағы салынады дейді. Бірақ бітетініне сенбейміз. Мына күнде келініміз толғатып, баламыз ауырса орталыққа жете алатын емеспіз»,- дейді жолда қалған тұрғындар.