11.05.2022, 06:23

9 облыста ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөз
Қазгидрометтің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 11 мамырда өткінші найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қазгидрометтің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 11 мамырда өткінші найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматыда сәрсенбі күні нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады деп болжанды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25-28 м/с-ке жетеді.

Талдықорғанда 11 мамырда найзағай ойнайды, жел жылдамдығы15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың солтүстігінде шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с деп күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын жел жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Көкшетауда түнде және таңертең жел соғады, екпіні 15 м/с-ке жетеді. Мамандар Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжап отыр. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында және солтүстік-шығысында найзағай күтіледі, оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с деп күтіледі.

Оңтүстікте, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында, сондай-ақ Шымкентте найзағай ойнап, бұрқасын болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с.

11 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай ойнап, бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде және шығысында синоптиктер найзағай ойнайды деп болжап отыр. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады.