$ 448.15  483.46  4.86

«Димаш Қытайдың құлы екенін дәлелдеп отыр» - Серікжан Біләш

Бұдан өткен арсыздық бола ма?!

Белсенді Серікжан Біләш әлемге әйгілі Димаш Құдайбергеновті «Қытайдың құлы» деп жазғырды.

Бұл туралы ол YouTube арнасындағы бейнежазбаларының бірінде айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қытайдың сахнасында ақша тапқан біздің шыңғырбай Америкадағы қаралардың құқығын қорғайық деп шықты. Ол Қытайда сахнада шыңғырып ән айтып жүргенде, Қытайда түрмеде жарты миллион қазақ шыңғырып жатыр. Ол шыңғырып Қытайдың тонна, тонна юаньнын алып жатқанда, Қытайдың 700 мың қазағы түрмеде шыңғырып жатыр. Қандай арсыздық?! Бұдан өткен арсыздық бола ма?! Бұдан өткен намыссыздық бола ма?! Бұл - ақшаның, Қытайдың құлы екенін дәлелдеу", - деді Серікжан Біләш.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары