$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте төбелескен мемлекеттік қызметкерлердің бірі ауыр халде жатыр (ВИДЕО)

Қазір бұл іске қатысты тергеу басталды.

6 мамырға қараған түні Шымкент қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан. Бірінші болып жұдырықтамақ болған қалалық экономикалық тергеу департаментінің басқарма жетекшісі соққыға жығылып, қазір №1 ауруханадағы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Бейресми ақпаратқа сүйенсек, оны сұлатып түсірген адам – Шымкент қаласындағы өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкері. Қазір бұл іске қатысты тергеу басталды. Күдікті қамауға алынып, уақытша қызметінен шеттелді.

Ер азамат мамыр айының бесінен алтысына қараған түні сағат 01:50-де жедел жәрдем қызметімен №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

Өзге ақпарат «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 273-бабы, 3-тармағына сәйкес жарияланбайды, ол медицина қызметкері құпия ұстайтын мәліметтер тізіміне жатады. Сондай-ақ өзге мәлімет науқастың немесе оның заңды өкілінің келісімімен беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары