6 мамырда Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердердің саммиті өтеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
РИА Новости мәліметінше, қатысушылардың жұмыс процесі таңғы ас форматында өтеді. Оған Ресей президенті Владимир Путин қатысады.
"16 мамырда ҰҚШҰ 30-жылдығына орай мүше елдер саммиті өтеді. Саммит аясында ел басшыларының кездесуі де, таңғы ас форматында пікір алмасуы да болады. Кездесу қорытындысы бойынша журналистерге ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась пен Армения премьер-министрі Пашинян ақпарат береді деп жоспарланған", - деді Песков.
Қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға алты ел – Армения, Белрусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей мен Тәжікстан кіреді.