$ 494.87  520.65  4.91

Дәретхана шұңқырына құлап кеткен бір жасар сәби аман қалды

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланы арқанның көмегімен тартып шығарды.

Бүгін Түркістан облысы Қазығұрт ауданына қарасты Қазығұрт елдімекенінде дәретханаға түсіп кеткен 2021 жылғы сәби құтқарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат поталы.

Оқыс оқиға ауыл тұрғындарын тікесінен тік тұрғызды. Ата-анасының қарауынсыз қалған бір жасар сәби тереңдігі төрт метрге жететін дәретханаға түсіп кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланы арқанның көмегімен тартып шығарды. Олар зардап шеккен бүлдіршінді бірден жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Дәрігерлердің тексеруінен соң сәби үйіне жіберілді. Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі баланың жағдайы тұрақты екенін мәлімдеді.

"Апаттық құтқару жұмысына Түркістан облысы ТЖД-ның 5 құтқарушысы, медициналық жедел жәрдем қызметінің 3 қызметкері және полиция департаментінің 2 қызметкері жұмылдырылды. Құтқарушылар сағат 15:03-те шұңқырға құлап кеткен баланы құтқару арқанының көмегімен шығарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Бала дәрігердің тексеруінен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. ТЖД ата-аналардан және ересектерден балаларды қараусыз қалдырмауларын сұрайды", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары