$ 448.15  483.46  4.86

Шуда 9 жасар балаларды зорлады деген күдікті ұсталды

Жамбыл облысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген.

Жамбыл облысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны 9 жастағы екі жеткіншекті ұзақ уақыттан бері зорлап келген. Үшінші сынып оқушыларына азғындық жасады деген күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ағымдағы жылдың 6 мамырында Шу аудандық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын хабарласты. Ол 2022 жылдың наурыз айының басында қараусыз қалған ғимаратта белгісіз ер адамның өзінің кәмелетке толмаған ұлы мен онымен жасты досына қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтып арызданған.

«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 30 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚК 121-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдіктіге қатысты Шу аудандық сотымен қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында. Бүгінгі таңда ол бойынша қажетті сараптамалар тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары