16 мамырдан банктер жеңілдетілген автонесиеге өтінімді қабылдауды бастайды. Бұл туралы ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Кешеден бері банктер өздерінің корпоративті рәсімдерін, директорлар кеңесінің отырыстарын өткізіп жатыр. Өнеркәсіпті дамыту қоры олармен барлық қажет келісімдерді бекітті. Енді олар тиісті рәсімдердени кейін дүйсенбіден несиені бере бастайды. Берген уәделеріне қарағанда, барлық жұмыстар дүйсенбі күні іске асырылады», - деді Р. Скляр елордада мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған форумда.
Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:
• сыйақы мөлшерлемесі – 4%;
• несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден артық емес;
• қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан артық емес;
• бастапқы жарна – 0 %-дан бастап;
• көлік құралының құны – 15 млн теңгеден аспайды.
Автонесиені екінші деңгейдегі банктер беретін болады.