$ 444.22  476.38  4.82

«Нокаутқа түсіремін»: Ұлыбританиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс-чемпионы ұлыбританиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ұлыбританиялық спортшы Thaboxingvoice YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

"Головкин менімен жекпе-жек өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Оның екі белбеуі бар. Сондықтан кездесу ұйымдастыруымыз керек", - деді ол.

Журналистің "Головкинді нокаутқа түсіре аласың ба" деген сұрағына ұлыбританиялық боксшы сенімді жауап берді. 

"Әлбетте. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа оралдым. Сондықтан өзіме сенімдімін", - деді кіші Юбенк. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары