$ 494.87  520.65  4.91

Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған.

Елордалық сот Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімін ұзартты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, бүгін 13 мамырда қабылданған шешімге сәйкес, Гүлмира Сатыбалдыны қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға ұзартылған.

Айта кетейік, наурыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын хабарлаған еді. Ол "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген. Кейін оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Одан бөлек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Гүлмира Сатыбалдының Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

18 наурызда Гүлмира Сатыбалды сот санкциясымен екі айға қамауға алынған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары