$ 494.87  520.65  4.91

500-ге жуық этникалық қазақ Түрікменстаннан оралады

2020 жылы Түркіменстан азаматтығынан 319 адам бас тартты, оның ішінде 70 адам - этникалық қазақ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Түрікменстаннан 490 этникалық қазақ кетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Turkmen.news сайтына сілтеме жасап.

"2 маусымда Түрікмен темір жолдары Түрікменстанның 490 азаматын – этникалық қазақтарды Қазақстанға тұрақты тұруға шығарады. Шешімді 11 мамырда Қазақстан елшілігінің өтініші бойынша Аурудың таралуына қарсы күрес жөніндегі төтенше комиссия қабылданды", - делінген хабарламада.

Жолаушыларды жөнелту үшін Түркменбашы – Берекет – Серхетяка – Болашақ бағыты бойынша пойыз ұйымдастырылады. Болашақта түрікмен локомотиві қазақстандық локомотивке ауысады, жолаушылар келесі станцияға – Жаңаөзенге жеткізіледі. Сол жерден шығарып салушы құрам Түрікменстанға оралады.

Басылым мәліметінше, өткен жылы 161 қазақ Түрікменстаннан кетіп, тарихи отанына оралған. Адамдар бұл сәтті бір жылдан астам уақыт күтті. 2020 жылы Түркіменстан азаматтығынан 319 адам бас тартты, оның ішінде 70 адам - этникалық қазақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары