Шымкент қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 17 қызметкері тергеу изоляторынан адам қашып кеткені үшін жазаға тартылды. Тағы біреуі ішкі істер органдарынан шығарылды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Аса ірі көлемде ұрлық жасады деп айыпталған күдікті Шымкенттегі тергеу изоляторынан кедергісіз қашып кеткен болатын.
Шымкент қаласы мен Түркістан облысы Қылмыстық-түзеу жүйесі департаментіндегі оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тексеру тағайындалды. Оның барысында қызметтік міндеттерін бұзған 17 адам тәртіптік жауапқа тартылды. Біреуі ішкі істер органдарынан шығарылды. Ведомствоның баспасөз қызметі бұл деректі растады.