15.05.2022, 09:36

Алматыда жер сілкінді

Фото: ашық дереккөз
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,7, магнитудасы – 4,6. Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 15 мамыр күні Алматы уақытымен 1 сағат 48 минутта жерасты дүмпуін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 328 шақырым қашықтықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,7, магнитудасы – 4,6. Жерасты дүмпуі 10 километр тереңдікте болған.

МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.