$ 448.15  483.46  4.86

«Балмұздақ алып берем деп алдаған»: Ақтөбеде тұрғындар оқушы қызға тиіспек болған адамды ұстап алды

Алайда полиция қызметкерлері оны жібере салған.

Ақтөбенің "Есет батыр" ықшамауданында ер адам 1-сынып оқушысына балмұздақ алып беремін деп тиіскен. Оны тұрғындар ұстап алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқуға бара жатқан 1-сынып оқушысына ер адам балмұздақ алып беремін деп тиіскен. Қыз бала айқайлайды. Сол кезде өтіп бара жатқан адамдар көмекке келіп, ер адамды ұстап алады. Оны полиция қызметкерлері келгенше ұстап тұрған.

Бұл туралы видео Instagram-дағы Batys_2_aqtobe парақшасында пайда болды. 

Полиция қызметкерлері күдіктіні алып кетіп, тергеген. Алайда қылмыс құрамының толық болмауына байланысты жай ғана жібере салған. 

“Бұл факті бойынша 1985 жылғы ер адам қалалық полиция бөліміне жеткізілді. Оның үстінен ҚР ӘҚБТК 492 бабы “Қоғамдық орындарда тиісу” бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс қозғалмады”, – дейді Ақтөбе ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов. 

Шағын ауданның тұрғындары осы оқиғадан кейін балаларын сыртқа жіберуге қорқатындарын жеткізді. Бұндай оқиға Ақтөбеде оқушылармен екінші рет болған. Өткен айда 10 жастағы қыздың 60 жастағы ер адам ізіне түскен. Оған дүкенде тұрған жерінен кәмпит алып беріп, қай жерде тұратынын және қайда оқитынын сұрап алған. Қызды сабағы біткеннен кейін сыртта күтіп тұрған жерінен оны оқушның мұғалімі байқап қалған. 

“Ол өтірік айтып тұр деп ойлаймын. Менің ойымша, егде жастағы ер адамның кішкентай қызға кәмпит немесе балмұздақ алып беремін деп айтпайды. Бұл жай ғана сөз, алдау. Менің де қызым бар. Енді балаларымыз үшін қорқып отырмыз”, – дейді Ақтөбе тұрғыны Жайсангүл Байхаманова.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары