$ 445.66  474.58  4.78

Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған агентті Қазақстан азаматтығынан айыра ма? – ҰҚК жауап берді

Cотқа дейiнгi тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуі тиiс.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті - «А» деген ҚР азаматын ұстады.

ҰҚК баспасөз қызметінің 3 сәуірдегі мәлімдемесінде оның бір мезгілде арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлағаны айтылды.

Тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.

Бұдан өзге, ҚР-да «А» әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофоб көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған.

Алдын ала тергеу барысында ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындаған.

Осы ретте Halyq Uni тілшісі Тоқаевқа қастандық жасауды жоспарлаған агентке қатысты ҰҚК-ға бірнеше ресми сауал жұмсаған еді.

  •  «А» деген ҚР азаматы президент Тоқаевтен бөлек еліміздің жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің ішінен нақты кімге қастандық жасамақ болды?
  • Оның кінәсі толық дәлелденсе қанша мерзімге сотталуы мүмкін?
  • Аталған тапсырыс орындаушының қаңтар оқиғасына қатысы бар ма? Нақты қандай эпизод бойынша қатысы анықталды?

ҰҚК жауабында ҚР Қылмыстық кодексiнiң 255-бабына сәйкес агенттің мүлкi тәркiленiп, Қазақстан азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жаза көзделгені айтылған.

«Cотқа дейiнгi тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуі тиiс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуга байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол келемде жария етiлуi мумкiн», - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің жауабында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары