$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда кран кабелі үзіліп, құрылысшы қаза тапты

Нұр-Cұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елордада құрылыс алаңдарының бірінде құрылысшы мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«15 мамыр сағат 03:34 шамасында Есіл ауданы Тұран даңғылы, 50 мекен жайында «Тұран 1» тұрғын үй кешенінің құрылыс объектісі аумағында қайғылы жағдай болды. Құрылыс салушы - «EMPAIRE» ЖШС. Оқыс оқиға құрылыс-монтаждау жұмысы барысында жүк көтергіш механизмді пайдалану кезінде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, мұнара кранының кабелінің үзілуі металл ілгектің құлауына әкеліп соққан», - делінген Төтенше жағдай министрлігінің хабарламасында.

Салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қаза тапқан.

«Нұр-Cұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы осы жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің елорда бойынша департаментінің қызметкері аварияның себептері мен мән-жайын анықтау мақсатында осы комиссияның жұмысын басқарады. Тергеу нәтижесі қосымша хабарланады», - деді министрліктің баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары