$ 494.87  520.65  4.91

«Біз жеңіске жеттік»: Астанаға келген «КЕЗБИ» мұнайшылары Жаңаөзенге қайтты

Жаңаөзенде «Кезби» ЖШС жұмысшылары ереуілі 19 сәуірде басталған еді. Олардың басты талабы – жалақыны 20 пайызға көтеру, 12 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұжымдық шарттың орындалуы және өздерін “Өзенмұнайгаз” АҚ ұжымына ауыстыру болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2 мамырдан бері Астанада жүрген Жаңаөзен мұнайшылары жеңіске жеткенін хабарлап, Маңғыстау облысында қайтып бара жатыр. Санаулы минут бұрын Жаңаөзеннен келген мұнайшылардың бірі әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, талаптарының қанағаттандырылғанын айтып, қолдаушыларына алғысын білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, Жаңаөзенде «Кезби» ЖШС жұмысшылары ереуілі 19 сәуірде басталған еді. Олардың басты талабы – жалақыны 20 пайызға көтеру, 12 сағаттық жұмыс күнін енгізу, ұжымдық шарттың орындалуы және өздерін “Өзенмұнайгаз” АҚ ұжымына ауыстыру болған. Мұнайшылар сондай-ақ өз араларындағы белсенділерді қудаламауды да талап еткен.

2 мамырда мұнайшылардың 20-дан астам өкілі Астанаға келген. Олар жергілікті билік пен компания басшылығынан әділдік таппаған олар негізгі 4 талабын Энергетика министрлігіне, Бас прокуратура, Еңбек министрлігі мен «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясына тапсырған. «400 адамның аманатын арқалап келдік» деген еді олар. Ulysmedia.kz порталының тілшісі Жаңаөзен мұнайшыларымен кездесіп, мәселенің мәнісін біліп қайтқан еді.

Ақыры «Кезби» мекемесінің басшылары Жаңаөзеннен Астанаға келіп, мұнайшылармен кездесу өткізген. Алайда олар мәмілеге келе алмаған.

Бүгін Астанаға келген мұнайшылардың бірі Нұрсұлтан Нұрымұлы фейбук парақшасында кешқұрым тікелей эфирге шығып, әуежайда тұрғанын, қызметтестерімен бірге Жаңаөзенге қайтып бара жатқанын айтты.

«Алланың қалауымен осы күнге де жеттік. Кешқұрым кездесулер мен жиындардың бәрін өткізіп, талаптарымызды орындайтындай жағдайға жеттік. Қағаз жүзінде алдық. Барлығы да күшті, мықты. Бүкіл қолдаған қазақ елінің белсенділеріне рахмет. Қазақ халқының арқасында осындай жеңіске жеттік. Әуежайға келдік. Бізді соңына дейін қолдаған қазақтың батыр аналарына, мәселемізге бей-жай қарамаған барлық белсенділерге мың да бір рахмет! Мен қазақ еліммен мақтанамын!» - деді Нұрсұлтан Нұрымұлы.

Нұрсұлтанның қызметтесі Жолмұрат Ұлықпан өз сөзінде «90 пайыз жеңдік» деп мәлімдеді.

«Оңтайлы шешіммен кетіп бара жатырмыз. Осындай шешімді қабылдап, сәтті күннің бұйыртқанына Аллаға шүкір. Азаматтар тоңғанымызды білдірген жоқ. Сіздерге басымызды иеміз. Жақсы күнде жүздесіп, амандасып, Алланың сәтті күндерінде кездесе берейік», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары