$ 494.87  520.65  4.91

Суреттер сөйлесін: Тоқаевтың балалық шағы, бозбала кезі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Тәуелсіз Қазақ елінің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, 69 жасқа толып жатыр. Ол 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.

Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін атап өтуді ұната бермейді. Сондай-ақ отбасы мүшелерінің, балалары мен ата-анасының да туған күнін тойлау дәстүрі жоқ екенін айтқан болатын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тізгінін ұстағалы 3 жылға жуықтап қалды. 2019 жылдың 19 наурызында Нұрсұлтан Назарбаев республикалық телеарналардың эфирінде президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімін хабарлады. Бұдан соң, 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаев заңды түрде ел президенті болып сайланды. 2019 жылы маусым айының 12-сі күні Тоқаев ант қабылдап, ресми түрде президент қызметіне кірісті.

Осы аралықта  не өзгеріп, қандай толымды жұмыстар істелгені, Мемлекет басшысының қандай бағытты ұстанғаны елге аян. Бұл туралы талай жазылып та, айтылып та келеді.  Президенттің әр қадамын жіті бақылап, өзінше сараптап отыратын саясаттанушылардың айтуынша, осы үш жылға жуық аралықта Тоқаев халықаралық саяси ареналарда өзін жан-жақты көрсете білді. 

Мемлекет басшысының түрлі кездесулері, жасаған сапарлары, қабылдаған шешімдері, жалпы ресми өмірі ел алдында. Ал, ел тізгіндеген басшының балалық шағы, бозбала кезі қалай өтті?

Skifnews.kz порталы бүгінгі материалда президенттің ел назарына іліге бермейтін ескі суреттерін жинақтауды ұйғарды. Президенттің балалық шағына көз жүгіртсек:

Қасым-Жомарт Тоқаев –  Алматы қаласының тумасы. Әкесі – Кемел Тоқаев (1923-1986) белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Анасы – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

Қасым-Жомарт Алматы қаласындағы №25 мектеп-гимназияда француз тілін тереңдете оқытатын мектепте білім алған. Сыныпта ол ең озат оқушылардың бірі саналған. Әкесі оны кітап оқуға, анасы шет тілдеріне баулиды.

(Екінші қатар, сол жақтан бірінші тұрған Қасым-Жомарт Тоқаев)

(Екінші қатар, сол жақтан бірінші тұрған Қасым-Жомарт Тоқаев)

2003 жылы гимназияда жөндеу жұмыстары кезінде XXI ғасырдың комсомолдарына арналған кубок табылды. Онда хатпен бірге сенбілікте сәлемдемені жөнелтушілердің, оның ішінде жас Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті де сақталған.

 (Мектепте өткен олимпиадалардың бірінде)

1970 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев аттестат алып, Мәскеуге барып, Одақтың жетекші жоғары оқу орындарының бірі – ММХҚИ-ға оқуға түседі. Бұрынғы курстастарының айтуынша, қабілетті және мақсатшыл жас жігіт тек «өте жақсы» деген бағамен оқыған. Ол жарты жылдық диплом алдындағы практикасын Қытайдағы кеңес елшілігінде өткізіп, онда дипломатқа қажетті  дағдыларымен бірге  қытай тілінің қыр-сырын үйренеді.

(Жоғарғы қатар, сол жақтан төртінші тұрған – Қасым-Жомарт Тоқаев)

(Үшінші қатар, сол жақтан бесінші тұрған – Қасым-Жомарт Тоқаев)

Президенттің студенттік өмірінен. Фотода Қасым-Жомарт Тоқаев 1-курс студенті, 1970 жыл.

1979 жыл. Подмосковьедегі сенбілік. Бұл кезде Қасым-Жомарт Кемелұлы КСРО Сыртқы істер министрлігінде атташе қызметін атқарып жүрген болатын.

 

Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды.  Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан.  

Тоқаев биыл 17 ақпанда отандық телеарналардың біріне берген сұхбатында «мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін», деген болатын. 


(Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл)

Ал сіз Тоқаевтың үстел теннисінен әуесқой ойыншы екенін білдіңіз бе? Мемлекет басшысы кезінде Қазақстанның үстел теннисі федерациясын 13 жыл басқарған болатын. Фотода Қазақстанның болашақ Президентінің дипломаттар арасындағы турнирге қатысып жатқан сәті. Бейжің қаласы, 1986 жыл.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары