17.05.2022, 09:20

Brent мұнайының бағасы барреліне 115 доллардан жоғары көтерілді

Фото: ашық дереккөз
Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр, Brent маркалы мұнайдың құны 28 наурыздан бері алғаш рет барреліне 115 доллардан жоғары көтерілді.

Әлемдік мұнай бағасы өсіп жатыр, Brent маркалы мұнайдың құны 28 наурыздан бері алғаш рет барреліне 115 доллардан жоғары көтерілді.

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 07:27-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы 0,84%-ке, барреліне 115,1 долларға дейін, WTI маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері 0,61%-ке, 112,5 долларға дейін қымбаттады.