17.05.2022, 09:40

Алматы облысында төрт жасар бала жоғалып кетті

Қазір ТЖД-ның аудандық құтқару қызметі мен кинологтар таулы аймақта іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алматы облысында төрт жасар бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Мәлімет бойынша, жоғалған 4 жасар Богдан Хименко Алматы облысы Кербұлақ ауданында Доланалы ауылында тұрған. Қазір ТЖД-ның аудандық құтқару қызметі мен кинологтар таулы аймақта іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.