Жаңалықтар 17.05.2022 сағат 12:20

Еліміздің Қытаймен арадағы шекарасын жасанды қуыршақ «күзетіп» тұр

Шекараның Қазақстан жағы – қаңыраған дала, Қытай жағы – елді мекендер мен қала.
Еліміздің Қытаймен арадағы шекарасын жасанды қуыршақ «күзетіп» тұр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Еліміздің шығысындағы Қытаймен іргелес жатқан, бұрын аудан орталықтары болған елді мекендердің тұрғындары алаңдаулы.

«Қазақстан» телеарнасының тілшісі Шығыс Қазақстандағы ең алыс шекара шебіне дейін барып, біраз жайтқа куә болып қайтыпты. Айтуынша, шекараның Қазақстан жағы – қаңыраған дала, Қытай жағы – елді мекендер мен қала.

«Аудан болып тарқамай тұрғанда бізде 13 застава болған. Кейін олардың барлығы жай қойма болып қалды. Анау Қытай жағынан джип машинамен өздерінің туларын алып, жарты сағат сайын жүріп өтіп, күзетеді. Ал біздің жақтың шекарасы ашық, бос. Бір солдат жүрсе жүрді, жүрмесе оның өзі жоқ», - дейді Мақаншы ауылының тұрғыны Хасен Таласбаев.

Тілшілер ауылдықтар айтқан сол бірен-сараң шекарашыларды да көре алмаған. Мұнара басындағы күзетші сарбаздың орнында қалқиып, бау-бақшаға құстарды үркіту үшін қоятын «қарақшы» тұр екен. Тағы бір сорақысы, шекара шетіндегі ауылда ұялы байланыс әрең істейді. Интернет мүлдем жоқ. Ал оның орнына көрші мемлекеттің ұялы байланыс операторларынан «Қытайға қош келдіңіз!» деген хабарламалар келіп тұратын көрінеді.

Еліміз шекарада отыр. 212 шақырым шекара біздің ауданымызда. Шекара ашық қалды. Қытай жақ ол жаққа 32 этажға дейін үй салып жатыр. Шекараның барлығына светін, видеокамерасын орнатып тастады. Ал біздікі бос қалды. Халық кетпеуі үшін біздің шекараны күшейту керек, - дейді Мақаншы ауылының тұрғыны Төлеген Жирентаев.

Ал тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Мұхтарбек Кәрімовтің аутынша, қытай тарапы «Біз жерге сыймай отырмыз. Мына жатқан көрші елдің жерінде ешкім жоқ. Әне, бос жатыр» деуі әбден мүмкін.

halyq-uni.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар