Әлеуметтік желіде ер адамды күшпен көлікке мінгізіп жатқан видео тарады. Оқиға Таразда болған, деп жазады Qumash телеграм арнасы.
Видео авторының айтуынша, азаматты әскерге күштеп әкетпек болғанға ұқсайды.
Әзірге желіде тараған видеоға қатысты құзырлы органдар ресми пікір білдірмеген.