$ 448.89  477.93  4.76

Бүгін Батырхан Шүкеновтің туған күні

Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды.

Бүін қазақстан және ресей эстрада әншісі, композитор Шүкенов Батырхан Қамалұлының дүниеге келген күні.

Ол Қызылорда облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын тамәмдаған. 1982 жылдан Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін «Арай» тобына кірді. 1987 жылы «Алматы» тобын құрады. Кейіннен ол «Алматы-Студио» тобы болып қайта құрылды. 1989 жылы өзінің атақты «Джулия» деп аталатын хитын жазды. Сол жылы «А Студио» Алла Пугачеваның «Рождестволық кештер» ән кешіне қатысқаннан кейін ансамбль атағы бұрынғы Кеңсе одағы аумағында танымал болды.

Әнші 2002 жылы Қазақстанға оралып, өзінің алғашқы «Отан ана» атты жеке альбомын шығарды. 2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі болды. 2009 жылы ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі, 2010 жылдан бастап Алматыдағы Қайырымдылық балы комитетінің құрметті мүшесі болды.

Батырхан Шүкенов 53 жасқа қараған шағында Мәскеу қаласында жүрек талмасынан қайтыс болды. Марқұм Алматыда жерленді.

 

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ: BATYR BEINESI коллекциялық монеталары айналымға шықты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары