$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирус пандемиясы аяқталды» – Алмаз Шарман

Ол 2022 жылы әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру дерегі азаятынын бұрын жазғанын атап өтті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, ғалым Алмаз Шарман коронавирус пандемиясы аяқталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ол 2022 жылы әлемде COVID-19 вирусын жұқтыру дерегі азаятынын бұрын жазғанын атап өтті. Оның пікірінше, оған бірнеше жағдай әсер еткен.

"Біріншіден, ұжымдық иммунитеттің белгілі бір деңгейі қалыптасты. Өйткені көпшілігіміз коронавируспен ауырдық немесе вакцина салдырдық. Екіншіден, SARS-CoV 2 коронавирусының адам популяциясына бейімделуі, Omicron сияқты аз патогенді, бірақ жұқпалы нұсқалардың пайда болуы әсер етті. Нәтижесінде инфекция эндемиялық сипатқа ие болды", - деп жазды Алмаз Шарман Facebook-те.

Ғалым "коронавирус ешқайда кетпегенін, кейбір кездері оның Omicron-Stealth сынды жаңа нұсқа пайда болатынын" атап өтті. Ол бұл жағдай кейбір адамдарға қауіп төндіретінін, вирустан кейбірі өлім кетуі ықтимал екенін жеткізіп, адамдарды сақ болуға шақырды.

"Вирус егде жастағы адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастарға әсерін тигізеді. Менің ойымша, пандемия аяқталғанымен SARS-CoV 2 коронавирусы жойылған жоқ. Вирустың жаңа түрлері пайда болады, одан вакцина арқылы қорғануға болады", - деді профилактикалық медицина академиясының президенті.

Сөз соңында ол Pfizer/BioNTech (Comirnaty) вакцинасының төртінші дозасын алғанын атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары