$ 444.32  473.33  4.76

Беларусьте ату жазасы енгізілді

Президент Алекстандр Лукашенко заңға енгізілетін түзетулерді бекітті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Енді Беларусьте террористік шабуыл жасағандарға ату жазасы қолданылады. Президент Алекстандр Лукашенко заңға енгізілетін түзетулерді бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

«Жазаның ерекше шарасы ретінде осы кодекстің 124 - бабы 2-бөлігінде, 126-бабы 3-бөлігінде, 289-бабы 3-бөлігінде және 359-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстар үшін адам өмірін қасақана айыру, өзге де кейбір аса ауыр қылмыстар үшін өлім жазасы – ат жазасы (өлім жазасы жойылғанға дейін) қолданылады», - деп «Интерфакс» агенттігі заңға енгізілетін түзетуден үзінді келтірді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев елімізде өлім жазасы жойылатынын айтты

Мұндағы мәселе халықаралық терроризм актілеріне байланысты: шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның өкіліне қатысты терроризм, ұйымдасқан топ жасаған не атом энергиясы объектілері, күшті әсер ететін, уытты химиялық немесе биологиялық заттарды пайдалана отырып жасалған немесе адамды өлтірумен байланысты терроризм актілері.

Егер бұрын өлім жазасын тағайындау мүмкін болмаса, қазір аталған баптар ерекше жағдайлар тізіміне енгізілген. Беларусь Қылмыстық кодексінің 67-бабына ("Бітпеген қылмыс үшін жаза тағайындау") өзгеріс енгізіліп отыр.

«Заңдағы 67-баптың 2-бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: осы кодекстің 124-бабы 2-бөлігінде, 126-бабы 3-бөлігінде, 289-баб 3-бөлігінде және 359-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасауға оқталуды қоспағанда, қылмысқа дайындалғаны және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жазасы тағайындалмайды», - деп жазылған заңда.

Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер ресми жарияланғаннан кейін 10 күннен соң күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары