$ 444.22  476.38  4.82

ҚТЖ ғимаратына «бомба қойылған»

Ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды.

Елордадағы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратына жарылғыш зат бар деген хабар келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аталған ведомствоның БАҚ-пен байланыс департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы мәлім етті.

«Қазақстан темір жолының ғимаратына жарылғыш зат қойылған деген жасырын хабар келіп түсті. Ол туралы құзырлы органдарға хабарланды. Сондай-ақ, ғимарат ішіндегі қызметкерлер жедел эвакуацияланды»,- дейді Қайсар Жұмабайұлы.

Одан бөлек, ҚТЖ өкілі қосымша ақпарат үшін құзырлы органдарға хабарласу керектігін айтты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ҚТЖ #бомба