$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда кәсіпкерге күш көрсетіп қомақты қаржы сұраған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

Оның айтуынша, бейтаныс адам ойдан шығарылған қарыз туралы айтып, одан 260 мың доллар талап етіп, физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп қорқытқан. Ол кінәсін толық мойындады.

Алматыда 41 жастағы бизнесменнен 260 мың доллар бопсалады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Бизнесмен полицияға арыз берген. Оның айтуынша, бейтаныс адам ойдан шығарылған қарыз туралы айтып, одан 260 мың доллар талап етіп, физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп қорқытқан.

"Бұл дерек жедел және арнайы іс-шаралар өткізу барысында расталды. 1981 жылы туған азамат физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, кәсіпкерден қомақты қаржы талап еткен. Күдіктіні полиция жасағы арнайы операция нәтижесінде ұстады. Тінту барысында ақшалай қаражат тәркіленіп, ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабында, 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті қамауға алынды", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары полковник Берік Әбілбеков.

Полицейлер арнайы операцияны кешке Әл-Фараби даңғылында орналасқан кафелердің бірінде өткізген. Күдікті жақын жерде тұратыны анықталды, сондықтан ол кездесуді ыңғайлы жерде ұйымдастырған. Ол кінәсін толық мойындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары