$ 444.22  476.38  4.82

Адамдар терезе сындыруға мәжбүр болған: Plaza Hotel Almaty-да өрт шықты

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қожамқұлов пен Қарасай батыр көшелері қиылысында орналасқан Plaza Hotel Almaty қонақүйінде өрт шықты. Оқиға орнынан түсірілген видео zhest-kz Telegram-арнасында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнында ғимараттың жоғары қабаттарынан адамдарды эвакуациялаған өртсөндірушілер жұмыс істеді.

Сондай-ақ, видеода жоғары қабаттардағы адамдар түтін тараған бөлмеден шығу үшін терезелерді сындыруға мәжбүр болғаны көрінеді. Видеоның соңында сынған әйнектің дыбысы естіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары