20.05.2022, 12:20

Әлімханұлы мен Дигнум көз арбасты (ВИДЕО)

Нәтижесінде Дигнум бірінші болып Әлімханұлын «мойындағандай» әсер қалдырды.

Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО)  мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 KO) Лас-Вегаста көз арбасу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

WBO тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жек кеші 22 мамырға жоспарланған.

Қос боксшы көз арбасу рәсімінде бір-бірінің көзіне ұзақ қарап тұрды. Нәтижесінде Дигнум бірінші болып Әлімханұлын "мойындағандай" әсер қалдырды.

"Орта салмақта WBO тұжырымының уақытша титулы сарапқа салынады", - деп жазды TopRank жүктеген видеосының астына.