$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте дәрігерлер төрт жасар баланың ішінен 8 см құрт алып шықты

Сол себепті мамандар балалардың тамақтануына дұрыс мән беру керектігін айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Шымкентте 4 жасар баланың ішінен ұзындығы 8 см құрт шықты. Бүлдіршін 11 мамыр күні жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томографиялық тексерістен өткізіп, өкпесінің оң жақ бөлігінен эхинакокк кистасын анықтаған. Осыдан кейін Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері бүлдіршінге ота жасап, өкпесінен ұзындығы 8 см құрт алып шыққан.

"Отаны 13 мамыр күні жасадық. Баланың өкпесіне ашық түрде ота жасалып, құртты кистамен бірге алып шықтық. Құрт баланың кеуде қуыс аймағын жайлаған. Бір сағатқа созылған ота сәтті өтті", - дейді қалалық клиникалық балалар ауруханасының хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Әкім Түлкібаев.

Науқас бір күн жансақтау бөлімінде жатып, палатаға ауысқан. Жағдайы жақсарған пациентті ақ халаттылар 18 мамыр күні ауруханадан шығарған. Дәрігерлердің айтуынша, эхинококкоз ауруының қоздырғышы ит, мысық және төрт-түлік малдан жұғуы мүмкін екен. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді. Сол себепті мамандар балалардың тамақтануына дұрыс мән беру керектігін айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары