$ 449.3  489.69  4.89

Атырауда қасқырдан қауіп төніп тұр

Мал Атырау-Доссор тас жолы маңында жайылады. Ал бұл жерде күндіз жарық бар да, түнде жоқ. Малды қағып кетіп жатқан көліктер де көбейіп кеткен. Одан қалды, қазір соңғы уақытта ит пен қасқырдан қауіп төніп тұр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Атырауда облыс әкімі Серік Шәпкеновпен кездесуде шаруа қожалығының өкілдері төрт түлік малға ит пен қасқырдан қауіп төніп тұрғанын айтты.

Облыс орталығының іргесіндегі Қайыршақты ауылдық округінің Соколок арнасының маңында орналасқан «Анашым» шаруа қожалығының иесі Әсемғали Қуанышев  төрт түліктің жайылым жеріне қатысты мәселені сөз етіп, оларға ит пен қасқырдан қауіп төніп тұрғанын ескертті.

Оның айтуынша, малы Атырау-Доссор тас жолы маңында жайылады. Ал бұл жерде күндіз жарық бар да, түнде жоқ. Малды қағып кетіп жатқан көліктер де көбейіп кеткен. Одан қалды, қазір соңғы уақытта ит пен қасқырдан қауіп төніп тұр.

«Соңғы екі айдан бері ит пен қасқыр малымды жеп кетті. Екі айдан бері биелерге тиісіп жатыр. Бүгінде бас-аяғы бес бас малымды қырып кетті.  Соның бірі Атырау-Доссор тас жолы маңындағы жайылымда болған.  Мен де субсидияны шілде, тамызға дейін төлесе деп тілеймін. Әйтпесе, 20 желтоқсанда береді, оған дейін жем-шөп дайындайтын науқан кезінде оған ақша таппай қиналамыз. Одан бөлек, мен қожалыққа қарай электр энергиясы желісін тартуды сұрап келе жатқаныма екі жыл болды. Бұрынғы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке осы мәселені бірнеше рет айттық. Қалалық әкімдік те, ауыл шаруашылығы басқармасы да біледі. Енді Шәпкенов шешетін шығар, қарастырамыз деді ғой», - дейді Қуанышев. 

Кездесуде шаруалардың көтерген мәселелерін  мұқият тыңдаған облыс әкімі Серік Шәпкенов заң шеңберінде түйіткілді мәселелердің түйінін тарқатуға болатынын айтты.

«Қай салада болмасын заң үстемдік ету керек. Бүгінгі кездесу соңғысы емес, әлі осы саладағы талай маңызды мәселені бірге талқылаймыз. Жұмыстың барлығын бірлесе отырып жасауымыз керек. Сонда ғана нәтиже шығады», - деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.

Аймақ басшысы салаға жауапты орынбасарларына және басқарма басшысына бірқатар тапсырма жүктеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары