Жаңалықтар 21.05.2022 сағат 15:03

30-дан астам қойды қаққан көлік жүргізушісі ұсталды (ВИДЕО)

Бейнежазбадан 30-дан астам қой, ешкі, қозы-лақтың тас жол бойында қансырап өліп жатқанын көруге болады.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жол талғамайтын көлікпен 30-дан астам қойды қаққан жүргізушінің әрекеті туралы видео әлеуметтік желіде тарады деп хабарлады turkystan.kz.

Бейнежазбадан 30-дан астам қой, ешкі, қозы-лақтың тас жол бойында қансырап өліп жатқанын көруге болады.

Телефонымен видеоға түсірген адамның айтуынша, оқиға Алматы облысындағы Тоғызбұлақ-Қалжат тас жолы бойында 20 мамыр күні сағат 07.37 кезінде орын алған.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып, жолға шыққан қойларды байқамай қалған. Сондай ақ ол оқиға орнынан бой тасаламақ болған.

«Toyota Lend Cruiser» автокөлігін Талғар ауданының 25 жастағы тұрғыны басқарған. Ол «Ақсай-Шонжы-Қалжат» тас жолының 55 шақырымында қойларды қағып өткен. Медициналық сараптама барысында көлік жүргізушісі масаң күйде болғаны анықталды. Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ӘҚБтК-нің 608-бабы және 610-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жол ережесін бұзған адам ұсталып, қамауға алынды»,-деді Алматы облысы ПД-нің баспасөз қызметі.
 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар