21.05.2022, 21:41

Шымкентте бір үйдің үш баласы автокөліктің жүксалғышында тұншығып қалды

Ата-анасы жоқ кезде балалар жүксалғышқа кіріп алып, кейін шыға алмай қалған.

Оқиға 19 мамырда Шымкент қаласының Қаратұз ауданында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құқық қорғау органдары таратқан мәлімет бойынша, ата-анасы жоқ кезде балалар жүксалғышқа кіріп алып, кейін шыға алмай қалған. Екеуі оқиға орнында қаза болды, бір бала бүгін жансақтауда қайтыс болған.

"19 мамырда Қаратау аудандық полиция бөліміне 102 пультіне үш жас бала жүксалғышта тұншыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Полицейлер оқиға орнына бірден шықты",- деді Шымкент ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайлары анықталатынына сендірді.