Шымкентте орталық стадион шатырының құлау жайты бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
«Орталық стадиондағы шатырдың құлауы туралы хабарлама түсе салысымен оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы барды. Белгілі болғандай, Павлодардың «Ақсу» - «Ордабасы» командалары арасындағы футбол матчы кезінде қатты желдің салдарынан шатыр құлаған. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ. Аталған жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК 278-бабы «сапасыз құрылыс» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды», - делінген қалалық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.