Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атағы үшін кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Жәнібек Лас-Вегаста (АҚШ) британиялық Дэнни Дигнумға (14-0-1, 8 КО) қарсы шықты. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Бірінші раундта қарсыласын нокдаунға түсірен Жәнібек екінші раундта нокаутқа түсіріп, таза жеңіске жетті.
Осылайша, Жәнібек Әлімханұлы кәсіби бокста өзінің 12-ші жеңісіне қол жеткізді және кәсіби бокста WBO нұсқасы бойынша орта салмақта «уақытша» чемпион атанды. Британиялық боксшы үшін бұл кәсіби бокстағы алғашқы жеңіліс.
Айта кетейік, WBO нұсқасы бойынша нағыз әлем чемпионы америкалық боксшы Деметриус Андраде (31-0, 19 КО).