$ 498.34  519.72  4.85

ДДСҰ маймыл шешегінің өршуіне байланысты шұғыл отырыс шақырды

Қазірдің өзінде Португалияда 29, Ұлыбританияда – 11, Канада, Австралия, Испания, Германия, Италия, Франция және Швецияда да ауру жұқтырғандар анықталды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Маймыл шешегiн жұқтыру жағдайларын 9 елдiң дәрiгерлерi тiркеген. ДДСҰ сарапшылармен шұғыл кездесуге дайындалуда.

Қазірдің өзінде Португалияда 29, Ұлыбританияда – 11, Канада, Австралия, Испания, Германия, Италия, Франция және Швецияда да ауру жұқтырғандар анықталды.

The Telegraph ДДСҰ-ның шұғыл отырысында сарапшылар вирустың таралуы мен вакцинацияны талқылауды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Британдық дәрігерлер аурудың алғашқы жағдайын 7 мамырда Нигериядан оралған ер адамда хабарлады.

«Көбінесе ауру жеңіл өтеді, біз маймыл шешегіне  қарсы тиімді вакциналардың қосымша дозаларын сатып алғанымызды растай аламын»  деп жазды Ұлыбритания денсаулық сақтау министрі Саджид Дэвид Twitter-де.

Маймыл шешегi алғаш рет 1958 жылы анықталған. Бұған дейін ауруды жұқтыру жағдайлары Африкада ғана тіркелетін. Көбінесе 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер ауырған. Бірақ бұл жолы вирус ер адамдарда жиі кездеседі. Маймыл шешегінің белгілері адамдағы шешек ауруымен бірдей – дене қызуы жоғары,  бөртпелер шығады. Ауру орта есеппен 14-21 күнге созылады және өздігінен өтеді. Өлім 10% дейін. Адамның шешек вакцинасы маймылға қарсы да тиімді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары