22.05.2022, 13:16

BI Group иесі ковид ауруханаларына кеткен қаржы туралы айтты

Фото: ашық дереккөз
Рахымбаев тексерулер қылмыстық форматқа жатпайтынын және жүйелі түрде жүргізілетінін атап өтті.

Белгілі кәсіпкер, BI Group компаниясының иесі Айдын Рахымбаев пандемия кезінде салынған ковид ауруханалары жайындағы сұрақтардан құтылар емес. Не де болса келесі сұхбат өзін ақтау әрекеті сияқты көрінді. Бұл жолы құрылысшы журналист Вадим Борейкоға байыпты жауап беруге тырысты. Orda.kz тілшісі «Гиперборей»  YouTube арнасында жарияланған әңгімені тыңдады.

Бұған дейін не болғаны туралы

Алғашқы және негізгі сұрақтардың бірі компанияға қатысты тергеулер туралы ақпарат болды. Рахымбаев тексерулер қылмыстық форматқа жатпайтынын және жүйелі түрде жүргізілетінін атап өтті. Бұл кез келген ірі компанияға тән нәрсе. Бірақ кәсіпкер 3,9 миллиардты (бөлінген 5,5 миллиардтың) жымқырды деген айыптауларды жала  деп атады.

Модульдік ауруханалардың неге сонша қымбат болғанын түсіну әлдеқайда қызықты. Олар Атырау маңындағы модульдік қаладан әкелінген пайдаланылған блоктардан тұрғызылған.

 «1000 орындық вахталық ауыл 1 миллиард 900 миллион теңге, ал сол үйлерден, модульдерден құрастырылған аурухана 5,5 миллиард болып кетті, қалай?» деп сұрады журналист.

«Аурухананың қарапайым, тіпті шағын жатын орын екенін түсіну үшін, мысалы,   қарапайым «Газельдің»  жедел жәрдем көліктерінен айырмашылығы бар екенін білу керек» деді Рахымбаев.

Егжей-тегжейлі есеп құрылыстың барлық бөлшектерін ашып көрсете алады. Вадим Борейко бизнесменді Openbook шығару туралы көптен бергі уәдесі бойынша сұрады. Ол – ауруханалар салуға жұмсалатын барлық шығындардың қаржылық құжаттары. Алайда уәдеден бері екі жыл өтті. Содан кейін Рахымбаев «қоғамға» және көптеген БАҚ-қа сенбейтінін, бірақ Борейкоға өзі есеп беруге дайын екенін айтты. Онда да журналист сұхбаттан кейін құжаттармен таныстырылатын шартпен.

Вадим Николаевич мұндай артықшылықтан бас тартып, қаржылық сектордағы кәсіпқой емес адамның есептерді жалғыз түсінуі мүмкін еместігін  айтты, ал Рахымбаев құжаттарды басқа біреуге көрсетуге келіспеді.

Құрылысты осылай сала ма екен?

Айта кетерлігі, көптеген сұрақтар жауапсыз қалды. Рахымбаев журналистің қысымына дайын емес болып шықты.

 «Сіздің байлығыңыз пандемия уқытында 100 миллионға жуық өсті, бұл кезде көпшілігі, керісінше, «құлдырады». Мұны қалай түсіндіресіз? Басшылықтың айлығын  қысқартамыз дедіңіз. Мемлекеттік қаржыландыру жақсы болғандықтан байып кеткен жоқсыз ба?» деп сұрады журналист.

Рахымбаев бұл сұрақты арандатушылық деп санады.

«Forbes бағалауының бәрі соншалықты көп ақша бар дегенді білдірмейді, сіз өзіңіз білесіз» деп жауап берді ол.

Тағы бір ауыр тұс – құрылыс сапасы. Бір кездері ауруханалар суық, дымқыл екені туралы  барлық бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді. Соңғы кездері компаниядан пәтер алған тұрғындар да шағымдануда. Осы бойыншы Вадим Борейко: «Құрылысты олай салмайды!» – деп қатты айтып тастады.

Алайда, Рахымбаев жауапкершіліктің бір бөлігін мердігерлерге және құрылыс мерзімінің қысқалығына аударуға тырысты.

«Кез келген кәсіби құрылысшы мұны екі айда салу мүмкін емес екенін айтады. Асығыстық, тағы да асығыстық. Баланы тоғыз айға дейін тууға болмайды. Мүмкін жеті айда өмірге әкелуге болады, бірақ салдарын бәрі біледі. Біз қатты тырыстық! Біз мінсіз емеспіз, бірақ компания ретінде өте кәсіби компаниямыз. Осыны айтайын – Қазақстандағы ең кәсіби жоғары құрылыс компанияларының біріміз» деді кәсіпкер.

 «Біздің де қуанышымыз қойнымызға сыймай жүрген жоқ»

Сұхбат соңында Рахымбаев компания төңірегіндегі толассыз келеңсіздіктерден шаршағанын және мемлекеттік келісім-шарттардан қашуға ниетті екенін мойындады.

«Біз айналамызда болып жатқан барлық нәрселерге ынталы емеспіз. Біз мемлекеттік келісімшарттарға жоламауды, әрі қарай  не істеу керектігін қарастырып жатырмыз. Мемлекеттік келісім-шартпен не істесең де сын, екі-үш аптаның ішінде мектеп, керемет әдемі, ковид ауруханасын салдық… Мыңдаған адам аман қалды! Бірақ біз міндетті түрде біреуге жақпаймыз және жұрттың көңілі  толмайды. Бізді  шығынмен абыройсыз  ақша табуға  мәжбүрлеп тұрған ештеңе де жоқ».

Сұхбат үлкен пікірталас  тудырды. Ал Вадим Борейко мұнымен әңгіме бітпегенін айтып, сұхбаттың екінші бөлігі туралы аңдатпа жариялады.