$ 443.35  475.54  4.82

Жан Кособуцкий Джоан Дюопаны жеңді (ВИДЕО)

Кособуцкий әйгілі француз боксшысы Джоан Дюопаны мерзімінен бұрын жеңіп, ауыр салмақтағы WBC International бос титулына ие болды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Гамбургте (Германия) қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) мен француз Джоан Дюопаның (39-6, 26 КО) титулдық жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық ауыр салмақтағы Жан Кособуцкий 21 мамырда Германияда әйгілі француз боксшысы Джоан Дюопаны мерзімінен бұрын жеңіп, ауыр салмақтағы WBC International бос титулына ие болды.

Бесінші раундтан кейін 41 жастағы Дюопаның сол көзі ісіп, ол жекпе-жекті жалғастыра алмады. 33 жастағы Кособуцкий кәсіби рингте он сегізінші жеңісіне жетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары