$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда нөсер жаңбырдан кейін бірнеше ауылды су басты

Бұған дейін құбырлы көпірдің шайылып кетуіне байланысты Алматы - Өскемен тасжолындағы жол учаске жабылғаны белгілі болған.

Алматы облысындағы Кербұлақ ауданында екі ауылды су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, ауылдарды су басу туралы шақыру кезекші пультіне түскен жоқ. Өткен кеште әлеуметтік желілерде хабарламалар мен видеолар пайда болған. Сөйтсек, Байғазы және Қоғалы ауылдарында жауын-шашыннан бірнеше көшені су басқан.

"Қоғалы ауылында көлбеу ағын пайда болды, кейіннен су Панфилов, Жандосов және Тобаяқов көшелерімен өтті, сондай-ақ Жандосов көшесіндегі бір аула аумағынан су ағып өтті, үйлерді су басқан жоқ. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша жауын-шашын тоқтап, су деңгейі төмендеді", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Ал Байғазы ауылында жергілікті өзендегі су деңгейі көтеріліпті. Нәтижесінде бірнеше үйдің аулалары зардап шекті.

"Өзен арнасынан шыққан су Абай көшесі бойынша 2 бақшаны және Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің ішінара аула аумақтарынан ағып өтті. Қаза болғандар, зардап шеккендер жоқ және қирау болған жоқ, жағдай тұрақты", - деді ведомстводағылар.

Оқиғаның себебін анықтау үшін ауылдарға ТЖ департаментінің қызметкерлері шықты.

Бұған дейін құбырлы көпірдің шайылып кетуіне байланысты Алматы - Өскемен тасжолындағы жол учаске жабылғаны белгілі болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары