$ 494.87  520.65  4.91

«Балаға тиіссе де, 10 күн ғана берді»: Нұр-Сұлтанда автобуста қызға алымсақтық жасаған ер адамға қатысты сот өтті

Бұл полицияның кінәсі емес, мәселе олардың жұмыс істей алмайтынында немесе жұмыс істегісі келмейтіндігінде емес, бізде ондай норма жоқ.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

21 мамырда 33 жастағы ер адамға қатысты сот отырысы өтті. Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ол 10 тәулікке қамауға алынды (бұл – ұсақ бұзақылық үшін ең көп мерзім), деп жазады stan.kz.

19 мамырда болған оқиғаны айтқан қыздың анасы сынның астында қалған полицейлерді қорғамақ болды.

«Қалайша? Ол балаға қатысты азғындық жасамақ болды, бірақ оған 10 күн ғана берді», деді желі қолданушыларының бірі.

«Бұл полицияның кінәсі емес, мәселе олардың жұмыс істей алмайтынында немесе жұмыс істегісі келмейтіндігінде емес, бізде ондай норма жоқ. Самат Бексұлтановтың менің қызыма қатысты жасаған әрекетінің барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасында кәмелетке толмаған баланы қорлау, тиісу, сол арқылы қоғамдық тәртіп пен жеке адамдардың тыныштығын бұзу деп көрсетіледі, бұл ұсақ бұзақылыққа жатады. Бұл тіпті қылмыстық құқық бұзушылық емес, ұсақ құқық бұзушылық», –  деп жазды Қарлығаш Оңғарова Instagram парақшасында.

Қарлығаш Оңғарова полицейлердің барлық сайлау учаскелерінде моральдық қолдау көрсеткенін, қызына әрекеттерінің барлығы дұрыс болғанын айтқан. Осыған ұқсас жағдайларда қалай әрекет ету керектігін де айтып берген.

Еске салақ, бірер күн бұрын әлеуметтік желіде елордалық тұрғын өзінің кәмелеттік жасқа толмаған қызын автобуста әлдебір ер адамның қорлағаны туралы видеосы жарияланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары