23.05.2022, 22:26

Канело Головкинмен жекпе-жегі қыркүйек айында өтетінін ресми мәлімдеді

Головкинге қарсы жекпе-жек бұрын келісілгендей қыркүйек айында болады, деді ол.

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес қазақстандық боксшы Генадий Головкинмен жекпе-жекке шығатыны туралы ресми айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жақын күндері біз жекпе-жек туралы хабайлайтын боламыз. Әрине, Головкинге қарсы жекпе-жек алдында келісілгендей қыркүйек айында болады. Сонымен қатар сәл кейін Биволмен де реванш өткізетін боламын», - деді «Канело» баспасөз мәслихатында.