$ 448.56  478.03  4.79

«Қазақстанда маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары тіркелген жоқ» – министрлік

2022 жылдың 20 мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі Конгода жыл басынан бері маймыл шешегінің 1,2 мың жағдайы тіркелгенін хабарлады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстанда маймыл шешегін жұқтырудың бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Бас санитарлық дәрігері - Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетованың айтуынша, мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіліп жатыр, оның ішінде қашықтан термометрия бар.

Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру. Қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталады (қызару).

Инкубациялық кезең – 5-21 күн. Науқаста дене қызуының жоғарылауы, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, бас айналуы байқалады. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта.

Маймыл шешегі ауруын жабайы жануарлар таратады: приматтар мен кеміргіштер (тиіндер). Сондай-ақ инфекция науқастың қаны немесе оның биологиялық сұйықтығы арқылы, ауру жануардың етін қолдану салдарынан жұғуы мүмкін.

2022 жылдың 20 мамырында Дүниежүзілік денсаулық сақтау министрлігі Конгода жыл басынан бері маймыл шешегінің 1,2 мың жағдайы тіркелгенін хабарлады. ДДҰ-ның алдын ала мәліметі бойынша, Африка құрлығынан тыс әлемнің 14 елінде (Испания, Португалия, Ұлыбритания, Бельгия, Канада , Германия, Италия, Австралия, Нидерланд, АҚШ, Израиль, Франция, Швейцария, Швеция) 110 жағдай анықталды.

ҚР Бас санитарлық дәрігері жазғы каникул және демалыс маусымының басталуына орай шет елдерге шығатын қазақстандықтар үшін келесідей кеңесін берді:

1) маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан бас тарту (әсіресе балалармен);

2) шет елдерге шыққан жағдайда жабайы жануарларға (приматтарға, кеміргіштерге) таянбау, бей-берекет сауда орындарында және көшеде тамақтанбау. Тамаққа тек термиялық өңделген етті (азық-түлікті) пайдалану;

3) адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдалану. Қол гигиенасын сақтау;

4) сапарлардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және тағы басқа) байқалса – шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық мекемеге дереу жүгіну.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары