$ 444.32  473.33  4.76

Қарағанды облысында екі аяқты құлын туды

Алайда қожайыны төлді мал дәрігерін шақырып қаратпаған.

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі аяқты құлын туды. Кемтар төлдің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Ветеринар мамандардың айтуынша бейнежазбадағы құлынның туылғанына 2-3 күн ғана болған, деп хабарлады astanatv.kz.

Алайда қожайыны төлді мал дәрігерін шақырып қаратпаған. Дегенмен, мұндай кемтар төлдің туылуына экологияның нашарлығы немесе айғырдың өз қанынан туған малға шабуы себеп болуы мүмкін,- дейді. Алайда ондай жағдай мыңда бір рет қана кездеседі деп отыр. 

Ауылдағы маман бұл құлынды көрмеген. Бұл полигонның зардабы ма, генетикалық зардап па белгісіз. Сондықтан не жағдай екенін нақты жауап айта алмаймын. Лабораторияның қорытындысы, ешқандай материал тапсырылған жоқ, - дейді Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық ветеринариялық бекетінің басшысы Аян Міржақыпов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары